Біздің Самал топ жарды

Қазақи ой-өрнектерді балаларымызға таныстырып, ерекшелігіне тоқталу және оның мағынасын ашу, ғасырлар бойы жинақталған рухани игіліктерімізді танытып, қажетімізге жарату, яғни рухани жаңғыру мақсатында «Балдәурен» бөбекжайында іс-шаралар тиегі ағытылды.

Осы мақсаттардың бірін жүзеге асырған бөбекжайымыздың тәрбиешілері 2018 жылдың қараша айында болған «Педагогикалық идеялар фестивалі» аудандық байқауына қатысып Самал Сагидуллина жүлделі І орынға, Альбина Сисенгалиева ІІ орынға ие болды. Облыстық деңгейдегі байқауда жүлделі ІІ орынға ие болып, Республикалық бәйгеге жолдама алған Самал Сагидуллина Алматыда өткен жарыста топ жарып, І орынға ие болды. Осылайша біздің мәртебемізді көтеріп, көк туымызды желбіретіп, жан-жақтан келген көптеген майталмаңдар арасында өз тәжірибесімен бөлісіп қайтты. Баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік қасиеттерді сіңіруде отбасы мен тәрбиешілер шешуші роль атқарады. Ал, Самал әріптесіміздің жеңісі сол-өз ісіне адалдығымен төрге озғандығы.

Райхангул Абдрахманова,

«Балдәурен» бөбекжайының әдіскері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT