Биыл мектептерде Білім күні қалай өтеді?

Биыл Қазақстан мектептерінде алғашқы қоңырау қалай өтеді? Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ОКҚ брифингінде түсіндіріп берді.

«Әрине, алғашқы қоңырау өтеді. Іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Бұл жерде екіге бөліп қарау керек. Себебі, бізде кезекші сыныптарда оқып, 1 қыркүйек күні мектептерге баратын оқушылар да бар. Оларға бөлек формат, ал қашықтан оқитын оқушылар үшін бөлек формат ұсынылады. Әдетте қалай болатын еді? Бірінші қыркүйекте балалар мектепке барып, жалпы мектептік салтанатты жиындар болатын.

Ол біткен соң балалар өз сыныптарына барып, сынып сағаттары өткізілетін. Қазіргі жағдайда ондай форматтағы жиын өткізудің қажеті жоқ. Сондықтан әр сыныпта сынып сағаттары өткізіледі. Егер балалар кезекші сыныпта оқыса, дәстүрлі түрде мұғалім сынып сағатын өткізеді. Егер бала қашықтан оқитын болса, бұл іс-шара қашықтан өткізіледі», - деді министр.

24.kz

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика