"БІЛІМДЕ САПА БОЛМАЙ БАРА ЖАТЫР"

Жақында «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының мобильді қоғамдық қабылдауы Көктоғай ауылында өтті. 

Бұл жолы тұрғындармен кездесуге Атырау облыстық мәслихатының депутаты Саламат Ідірісов,  "AMANAT" партиясы Атырау облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі Ақтолқын Ахметжанова,  аудан әкімінің орынбасары Гүлнұр Сүйеуова және аудандық мәслихат депутаттары Жанай Амантурлин мен Ақжібек Сабырғалиевалар келді.

Қоғамдық қабылдауға арнайы келген еңбек ардагері Қуаныш Сүлейменов:

– Салынып жатқан жол сапасына әлі де бақылау нашар. Білім сапасының төмендігін балаларды оқыту жүйесін үлкендер де түсіне алмайтынынан көруге болады. Ауылға жаңа балабақша қажет. Мұражай мәдениет үйінің ішінде орналасқан. Әр түрлі шаралар өтетіндіктен, бөлек ғимарат салса қайтеді? Кітапхана да керек,– деді.

idiris-amanat

Ал зейнеткерлер Ибрайым Қисметов, Оралбай Құспановтар жайылымдық жердің тарлығын, Ақсай каналын жөндеу керек екендігін, Жайық өзені тағдыры жөніндегі мәселелерді көтерді.   

Халық қалаулылары тұрғындар тарапынан айтылған мәселелер толық қаралып, қолданыстағы заң шеңберінде жауаптары берілді. Сондай-ақ айтылған өтініштер мен ұсыныс-пікірлер партияның бақылауында болады.

 

Ж.Ісім

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT