Stan.kz ақпарат агенттігі осымен екінші жыл қатарынан онлайн-диктант ұйымдастырып келеді. Қазақ тілінде өтетін диктантқа қатсыу арқылы сіз ана тілімізге деген құрметіңіз бен сүйіспеншілігіңізді білдіре аласыз.
Жазба жұмысына қатысу үшін интернет пен компьютер немесе ноутбук, телефоныңыздың болғаны жеткілікті. Дегенмен диктантты компьютер немесе ноутбукпен жазу әлдеқайда ыңғайлы болады.
Диктант қалай өтеді?
15 желтоқсанда таңғы сағат 08:00-ден бастап dictant.stan.kz парақшасында мәтінді оқитын спикерлердің видеосы жарияланады. Оны қарап шығып, айтқандарын мұқият тыңдап, диктант жазасыз.
Диктанттың басталу уақытын қалт жіберіп алмас үшін біздің Stan.kz Play Market және AppStore-дан жүктеп алуға кеңес береміз.
Жазба жұмысын орынлдауға берілетін уақыт шектеулі. Жазбаны бірнеше рет тыңдауға шектеу қойылады.
Мәтінді жазып болған соң, сіз қай жерде қате жібергеніңізді көріп, баға қойылған сертификат аласыз. Бұған қоса, жазба жұмысын ең үздік орындап шыққан үш қатысушының арасында iPhone ойнатылады.
Жобаның басты демеушісі – Jusan Bank.
Бізді қолдағандар: Ақтөбе, Түркістан, Атырау, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының әкімдіктері, "Хабар", "Алматы" телеарналары, Dostyk Plaza сауда, ойын-сауық орталығы.
Диктантты сәтті жазып шығуыңызға тілектеспіз!