Жыр додасында – қос жүйрік

Таяуда Астана қаласында «Ел жүрегі - Астана» атауымен жас жеткіншектер арасында республикалық жыр мүшәйрасы өтті. Әр аймақтың мықтылары жиналған додаға жүзге жуық оқушы қатысып, оларға ақын Ұларбек Нұрғалым мен Шерхан Талап, белгілі ақын Бауыржан Қарағызұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Үмітхан Дәуренбекқызы және Мәдениет министрлігінің сарапшысы Бекзат Смағұлов қазылық қылды.

Мүшәйраның шарты бойынша олар Астананы жырға қосып, жиырма жылдағы жетістіктерді бейнелі жеткізуі керек болды.

Бұл сайыста аудан намысын Махамбет атындағы орта мектептің оқушылары Шырайлым Исламғалиева мен Дильназ Борисова қорғап келді. Бұған дейін де бірнеше мәрте облыстық, республикалық жыр додаларда тек биіктерден көрініп жүрген Шырайлым мен Дильназдың өлеңдері қазылардың сынынан сүрінбей өтіп, бірінші байрақ ауданға бұйырды.

Әрине, осындай жыр байқауына баптап қосқан ұстаздары Ардақ Қайырлиева мен Назгүл Қыстаубаеваның еңбектері өлшеусіз екенін айта кеткеніміз жөн.

А.ДИАС

Жарсуат ауылы.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика