Жылдың үздіктері анықталды

24-желтоқсан күні Индер ауданында жылдағы дәстүр бойынша «Жыл үздігі - 2020» марапаттау шарасы өткізілді.

Ауданымыздың өркендеуіне әр саланың қосар үлесі мол. Жыл қорытындысымен әртүрлі салада жемісті еңбек еткен, халыққа сапалы қызмет көрсетуде абырой биігінен көрінген азаматтарға номинациялар табысталды. Марапатты аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов пен аудандық мәслихат хатшысы Бағдат Сапаров табыстады.

Олардың қатарында мәдениет саласы бойынша «Үздік мәдениет қызметкері» номинациясымен аудандық орталық кітапхананың бөлімі меңгерушісі - Байқатова Ираш Бисембіқызы, «Үздік білім саласының қызметкері» номинациясымен М. Әуезов атындағы орта мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі - Әжіғалиев Саламат Қасқырбайұлы, «Үздік медицина қызметкері» номинациясымен Индер аудандық орталық аурухананың анестезиолог-реаниматолог дәрігері - Маңғытова Қамқагүл Сайынқызы, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» номинациясымен «Жаснар» шаруа қожалығының қызметкері - Серікбаева Дина Құрбанбекқызы, «Үздік өнеркәсіп саласының қызметкері» номинациясымен «КазТрансОйл» АҚ «Индер» мұнай айдау станциясының химиялық-бактериологиялық талдау лаборанты - Оспан Сәдуақас Елеуұлы, «Үздік мемлекеттік қызметші» номинациясымен Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы - Мерғалиева Шырай Төлеуғалиқызы, «Үздік коммуналдық сала қызметкері» номинациясымен «Интергаз орталық Азия» АҚ Индер газ тарату шаруашылығының темір шебері - Құрманғалиев Дулат Шапхатұлы, «Әлеуметтік сала үздігі» номинациясымен «Азаматтарға арналған Үкімет» МК Индер аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің жетекші маманы - Бисенғали Зоя Жолдасқызы, «Үздік спортшы» номинациясымен Индер балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің еркін күрес бөлімінің жаттықтырушысы - Қайырбай Бекзат Тұрсынғалиұлы, «Қаржы саласының үздігі» номинациясы бойынша аудандық қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары - Шүйінішқалиева Гүлдариға Болатқызы, «Үздік кәсіпкер» номинациясымен жеке кәсіпкер - Ермеков Сарсен Садықұлы, «Үздік полиция қызметкері» номинациясымен аудандық полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы - Сапаров Әсет Хамидоллаұлы, «Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен «Елтай-Мәдениет» МКҚК директоры - Ғабдысамат Бауыржан Ғабдысаматұлы марапатталды.

bajkatova-irash

bisenovazoya

bekzat-kajyrbaj

dulat

mangytova

guldariga

politsiya-algys-khat

salamat-azhigaliev

mergali-shyraj

saduakas

bauyrzhangabdsam

saparov-aset

Сонымен қатар, облыс әкімінің Алғыс хатымен - Нәпихова Гүлшат Салихқызы, аудан әкімінің Алғыс хатымен - Бисенбаев Нұржан Есенұлы, Мәліков Азат Мәлікұлы, Жаңабаев Жәдігер Нұркенұлы, Длимов Жасұлан Серікұлы да үздіктердің қатарынан көрінді.

bisenbaev-nurzhan

algys-khat-20202

algys-khat-marapattau2020

Үздіктерді марапаттарымен құттықтап, алдағы жылдарда қызметте толағай табыстарға жетулеріне тілектеспіз!

«Дендер – Ақпарат»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT