Жусан иісін сағындым

Ауыл,туған ел,туған жер,отан қай адамға болмасын ыстық. Туған жер-адам баласының кіндік қаны тамған,журегіне жақын,қимас сезімге бөлейтін алтын ұясы.   

Оның тау тасы да, мөлдір суы да, таза ауасы адам баласына күш жігер сыйлайды. Әр адамның өз ауылының ерекшелігі бар. Дегенмен менің ауылым Жарсуатқа жетер жер жоқ десем қате айтпағаным. Береке-бірлігі мықты осы бір ауыл – менің туған өлкем.

Адамдары да бір-біріне ағайын-туыс,құда-жекжат, қойы-қоралас,қазаны аралас болып кеткен.Бұл ауылдан атақты жұлдыз әншілер мен қадірлі ақындар шыққан.Жарсуат өнерлілер отаны.Әр қонағын құшақ жая қарсы алатын Жарсуат ауылының жазық кең даласы мен жусан иісі аңқыған жайлауына не жетсін.

«Ауылдан адам көшкенмен,адамнан ауыл көшпейді» дегендей қанша ауыл,қалаларға барсамда өз ауылымның жаныма жақын екенін сеземін. Қазіргі кезде уақыт өте келе ауылымның күннен күнге дамып келе жатқаны мені бір қуантады. Мектеп шағымда ауылымның соншалықты ыстық екені сезілмейтін .Қазір мен Жарсуатымнан жырақтамын,оқудамын.Қанша жерден зәулім үйге толы әдемі қалада болсам да жүрегім әрдайым ауылымды аңсайды.

Қадірін енді түсінгендеймін. Бойымдағы бар жақсы қасиеттерім үшін мен саған қарыздармын, қажырлық пен қайсарлықты, құзды шыңды жазық далаң мен асау желің үйретсе, жомарттық пен ақ пейіндікті мына жатқан жеміс талы сай-самаңнан үйрендім. Шыдамдылық пен байсалдықты шетсіз де шексіз далаңнан үйрендім. Туған өлкемнің тұныптұрған әсем көрінісі бойыма еріксіз мақтаныш сезімін құйады.

Сол себепті ауылымның өркендеп дамуына өз үлесімді қосуға бар күш жігерімді саламын. Өз ауылыммен мақтанамын.

Гүлнұр АЙБОЛҚЫЗЫ,

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық және

Әлем тілдері Университетінің студенті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT