АУДАН БОЙЫНША 2023 ЖЫЛЫ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БАҒЫТЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНУ ҮСТІНДЕ. САЛАЛЫҚ БӨЛІМ БАСШЫ СЫ АЖАР СЕРІКҚАЛИЕВА БЕРГЕН МӘЛІМЕТТЕРГЕ ҮҢІЛГЕНДЕ, БІРҚАТАР ІСТЕРДІҢ АТҚАРЫЛҒАНЫНА КӨЗ ЖЕТКІЗДІК.
ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҚҰРЫЛДЫ.
Жаңа жұмыс орындарын ашып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту – Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың атқарушы билік ал дына қойып отырған тапсырмалардың бірі. Осыған орай, былтыр ауданда жо спар бойынша 1481 жаңа жұмыс орнын құру көзделген болатын. Нәтижесінде, жоспар артығымен орындалып, 1911 жұмыс орны құрылған. Енді осыны тарқатып айтар болсақ, ұлттық жобалар шеңберінде 123 жұмыс орнын құру жоспарланып, жоспар 100,0% орындалды. Оның барлығы «Мансап» орталығы арқылы құрылды. Ұлттық жоба арқылы жұмысқа жолданған жұмыссыз азаматтардың зейнетақы төлемдері толығымен аударылған. Аталған орталыққа жұмыс мәселесі бой ынша 2595 адам хабарласып, оның 1 931-і жұмыспен қамтылған.
Оның 451-і тұрақты жұмыс және 828-і уақытша жұмыс орындарына қол жеткізген екен. Жалпы аудан бойынша мемлекеттік «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жоба шеңберінде жұмыспен қамту шараларымен 2834 адамды қамту жо спарланды. Есепті кезеңде 1007 адам тұрақты жұмысқа, 133 адам – әлеуметтік жұмыс орындарына, 121 жас түлек – «Жастар практикасына», 591 адам – қоғамдық жұмысқа, 25 адам – «Алғашқы жұмыс орыным», 2 адам – «Ұрпақтар келісім-шарты», 52 адам – «Күміс жас» жобасы бойынша екі қолға бір күрек тапты. Осылайша аталмыш жобалар аясында барлығы 3589 адам жұмыспен қамтылды.
ЖӘРМЕҢКЕДЕН ЖҰМЫС ТАПТЫ
Былтыр аудан бойынша 4 бос жұмыс орындарының жәрмеңкеcі өткізілді. Жәрмеңкеге 189 адам және 49 жұмыс беруші қатысып, нәтижесінде 112 адам жұмыспен қамтылса, 30 адамға кеңес берілген. Аталған жәрмеңкелерге ау дан көлеміндегі мекемелермен қатар, мұнайлы аймақтағы танымал «Денхолм Жолдас», «Вест Дала», «Гранд Мастер» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері қатысқан.
Ал өткен жылдың қорытындысымен 136 отбасындағы 796 адамға 72109,0 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. АӘК алатын 136 отбасындағы 1 жастан 6 жасты қоса алғандағы 201 балаға 7447,0 млн. теңге қосымша төлем тағайындалыпты.
ЖАҢА МАМАНДЫҚ МЕҢГЕРДІ
Жұмыссыз азаматтарды жаңа мамандықтарға бейімдеу үшін түрлі ша ралар қабылданып келеді. «Теңізшевройл» кәсіпорны арқылы 26 жұмыссыз азамат оқуға жолданса, онлайн skills оқуымен 206 адам оқытылған.-«Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне 211 адам оқыса, 1215 адамға кәсіптік бағдар берілді. Аудандық бизнес жобаларды іріктеу комиссиясының қорытындысымен 20 адамға қайтарымсыз мемлекеттік грант беріліп, олар өз кәсіптерін бастады. Қайтарымсыз грант алушылар халыққа қызмет көрсету, мал, құс шаруашылығы, шаштараз, сұлулық салонын ашу бағытында қажетті құрал-жабдықтарын алды.
Грант алушылар қатарында 12 көпбалалы ана, 3 атаулы әлеуметтік көмек алушы (аз қамтылған отбасыла ры), 4 мүгедектігі бар жан,-дейді Ажар Жалғасқызы. Ал 20 адам жеке кәсіпкерлігін ашып, қазіргі уақытта халыққа қызмет көрсетуде. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту үшін ел Үкіметіне 2,5 пайызбен несие беруді ұйымдастыруды міндеттеген болатын. Бұл бағытта да ау данда 21 жасқа осы бағытта несие беру көзделгенімен, олардың қатары 24 жасқа артқан. Сөйтіп, осынша жас өз кәсіптерін бастауға мүмкіндік алды. Бизнес жобаларды іріктеу комиссиясының шешімімен 24 адамның бизнес жобалары мақұлданып (жоспар 24 адам), оларға 115,3 млн. теңгеге ауыл шаруашылығын дамытуға және сервистік қызметтер көрсетуге микрокредиттер берілген. Осылайша, мемлекеттің қолдау нәтижесінде әлеуметтің жағдайын оңалтуға соны серпін беріліп отырған жайы бар.
МҰҚТАЖ ЖАНДАР – БАСТЫ НАЗАРДА
Аудан бойынша 1523 адам мүмкіндігі шектеулі жандар санатына кіреді. 2022 жылмен салыстырғанда былтыр мүгедектер саны 11 жанға көбейгені байқалады. Бүгінде мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың техникалық құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз ету «Әлеуметтік қызметтер» порталы арқылы іске асырылуда. Есепті кезеңде 722 адам оңалту бағдарламасына сәйкес қажетті шаралармен қамтылу тиіс болса, оның 649–ы тиісті шаралармен қамтылған. Мүгедектерді инватаксимен қамтамасыз ету бағытында аудан да мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесімен «Сенім Шыңы» қоғамдық қоры жұмыс жасауда. Күні бүгінге 35 мүгедектігі бар жан инватакси қызметін пайдалануда.– Мүмкіндігі шектеулі жандар – үнемі біздің назарымызда. 2023 жылы жергілікті бюджет есебінен даталы күнге орай 1512 мүмкіндігі шектеулі жанға әр қайсысына 50,0 мың теңгеден, барлығы 75,6 млн теңгеге әлеуметтік көмек, 25,0 мың теңгеден 37,8 млн теңге әлеуметтік көмек берілді. 100 мүмкіндігі шектеулі жан жұмыспен қамту шарасымен қамтылды. Олар ды қолдау бағытында қайтарымсыз грант алғандар мен тұрақты жұмысқа орналасқандар саны өсіп отыр.
Айталық, 47-сі тұрақты жұмыспен қамтылса, 4-еуі әлеуметтік жұмыс орнына оналасты рылды. «Жастар тәжірибесіне» 3 адам жолданса, 16-сы кәсіби оқуға жолдама алды. Сонымен қатар, 22 ақылы қоғамдық жұмысқа жолданса, 4-еуі қайтарымсыз грант алды, 3 мүгедек «Күміс жас» жо басы бағдарламасымен жұмысқа орна ласса, 1 мүгедек арнайы жұмыс орнымен қамтамасыз етілді. Мүмкіндігі шектеулі жандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында аудан да ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2023 жылы 1, 2 топтағы 28 мүгедек тұрғын үймен қамтамсыз етілді. Жалпы қазіргі таңда 147 мүмкіндігі шектеулі жан осын дай кезекте тұр,- дейді әлеуметтік сала бөлімінің басшысы.
Дәрігерлік педагогикалық психологиялық сараптама комиссиясы шешімімен аудан бойынша даму мүмкіндігі шектеулі 115 мүмкіндігі шектеулі бала мектеппен қамтылып отыр. Оның ішінде арнаулы сыныпта (ЗПР) – 8 оқушы, инклюзивті сыныпта – 82 оқушы, әдеттегі дені сау балаларымен оқитын 25 бала білім алып отыр. «Қамқорлық» жол картасының іс-шарасы негізінде Индербор кентінде орналасқан «Көктем» орта мектебінің базасында инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті ашылды. Әзірше бұл сыныпта 5 бала дәріс алады, 7 сүйемелдеуші педагог ассисент жұмыс жасауда. СПОРТТА ДА – АЛҒЫ ШЕПТЕ Ауданда мүмкіндігі шектеулі жандарды спорт бағытына баулау мақсатында «Мүгедектер спорттық клубы» жұмысын атқарып келеді. Күні бүгінге аудан бойынша 40 мүмкіндігі шектеулі жан спорттың 7 түрінен дәріс алады. Мүмкіндігі шектеулі жандар аудан, облыс, респу блика дәрежесінде өткізілетін спорттық шараларға қатысып, жақсы жетістерге ие болыпты.
Айталық, Нұрхан Берге бай ҚР чемпионы, жеңіл атлетикадан спорт шебері, Нұрлыбек Кабдрахманов ҚР чемпионатының жүлдегері, спорт шеберіне үміткер атанды. Ал Темірболат Ташекенов Азия чемпионатың жүлдегері, ҚР чемпионатының чемпионы, парад зюдан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Ерлан Утепов – Азия чемпионатың жүлдегері, ҚР чемпионатының чемпионы, парадзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанып, аудан намысын асқақтатып жүр. Денсаулық сақтау бағыты бойынша 78 мүмкіндігі шектеулі азамат – массаж, 61-і – физиоем, 74-і күндізгі ауруханада, 64-і – үйдегі стационарда, 42-і – тәуліктік стационарда емдерін алуда. 418 азаматқа тегін дәрі-дәрмек берілген.
Күні бүгінге мүгедектерді қолдау бағытында ауданда 4 («Ақ Ниет», «Сенім шыңы», «Соқырлар қоғамы», «Мөлдір Көз») қоғамдық қор филиалдары ашылып, жұмыстарын жасауда. «Иман жастары» еріктілер тобының, кәсіпкерлердің қолдауымен 28 мүмкіндігі шектеулі балаға 765,0 мың теңге көлемінде ойыншықтар, азық-түліктер, 20 мүмкіндігі шектеулі балаға дәрі дәрмектер берілген екен. Өткен жылға 15 нысанға бейімдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, толықтай бейімдеуден өткізілді. Күні бүгінге 15 нысан «invagov.kz» пор талына орналастырылғаны белгілі болып отыр.
Сұңқар КӨШЕКОВ