Аудандық мәдениет үйінде бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Оған аудандағы 20 мекеме мен кәсіпорын, мектептер мен бөбекжайлар, кәсіпкерлік иелері қатысып, 44 бос жұмыс орны ұсынылды.
Аудандық «Мансап» орталығының басшысы Дина ра Мусинадан білгеніміздей, аудандағы іргелі кәсіпорынның бірі «Индергипс» ЖШС білікті мамандарды іздеп келген. Оған қажетті мамандардың тізімінде цех бастығы, логи стика қызметінің басшысы, жабдықтау жөніндегі менеджер, шебер, мөлшерлеуші, уатушы сынды, тағы басқа да жұмысшы мамандықтар бар.
Жұмыс ұсынып отырған аталмыш кәсіпорынның өкілі Эльвира Есмұханованың айтуынша, бүгінгі жәрмеңкеде 5 үміткерден түйіндеме қабылданған. Бірақ олардың дені жұмысшы мамандықтарына. Ал арнайы кадрларға тапшылық туындап отыр. Маман іздеушілердің қатарында отырған жеке кәсіпкер Айдана Төлеуғалиеваны сөзге тартқанымызда, кәсіпкерлігінде қазір 5 адамды жұмыспен қамтып отыр екен. Негізінен қыз жасауына қажеттінің бәрін қолдан әшекейлеп тігеді. Тағы да қосымша 4-5 тігінші алу ды көздеп отыр. Бірақ бүгінгі жәрмеңкеде жұмыссыз жандар арасынан тігіншілікке тілек білдіріп келгендер болмапты.
Біз сөзге тартқан №3 психологиялық -педагогикалық түзеу кабинетінің басшысы Тұрсын Дәулетқалиева да мейірбике-массажшы мама ны керек болып жәрмеңкеге ұсынылғанымен оған сәйкес келетін үміткерлерден ешкім та была қоймапты. Сондай-ақ бүгінгі жәрмеңкеде Махамбет, М.Мөңкеұлы, М.Сиранов, «Көктем», М.Әуезов атындағы орта мектептерге, көп бейінді ауылшаруашылық колледжіне, жартылай күндізгі стационарға педагог кадрлары нан шет тілі, технология, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері, логопед және қосымша жұмысшы мамандықтарынан еден жуушы, жылу қазандығының операто ры, киім ілуші, электрик қажет болып отыр.
Аудандық балалар спорт мектебі еркін күрес, бокс бапкерлері, «Болашақ», «Айналайын», «Райхан», «Қызғалдақ» бөбекжайлары музыкалық жетекші маманмен қатар, есепші, мейірбике, экономист, аспаз сын ды мамандарды іздеп келді. Жеке кәсіпкерлерден «Айкөркемге» аспаз, асхана көмекшісі, ыдыс және еден жуушы еңбеккерлер қажет көрінеді. «Промгаз» ЖШС мерчендайзер мен кассир, «Таңат» ПИК жұмысшылар мен жылу қазандықтың операторлары керек екен. Алдымызда қысқы кезең таяу болғандықтан да ме кеме ұжымдардың көбі жылу қазандықтың операторларына сұраныс беріп отыр. -Бос орындар жәрмеңкесі биыл 4-ші мәрте ұйымдастырылып отыр.
Бұған дейінгі өткен 3 жәрмеңкеде «Денхолм-Жолдас», «Монолит-Дизайн 2030», «Гранд Мастер», «Батыс Құрылыс Инвест» сынды тағы да басқа мекемелер қатысып, ауданда 76 адам тұрақты жұмысқа орналасқан еді. Ал бүгінгі жәрмеңкеде 70-тің үстінде үміткер қатысты. Олардың ішінде «Индергипс» ЖШС, кітапхана, жартылай күндізгі ста ционар, мәдениет үйі, аурухана, мектептер мен бөбекжай сынды тағы басқа да ұжымдарға барлығы 14 адам тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды. Соны мен қатар, жәрмеңкеден кейін де жылу қазандықтың операторлары, басқа да жұмыс іздеп келген ма мандарды сұраныс бірдірген ме кемелерге жолдаймыз. Жұмыспен қамту ісі әлі де жалғасын та бады, -деді аудандық «Мансап» орталығының басшысы Динара Мусина сөзге тартқанымызда.
Саламат БАЗАРБАЕВ