Жетістікке жеткен ұстаздар мен шәкірттер марапатталды

Индербор кентіндегі М. Әуезов атындағы орта мектебінде білім жолының көкжиегінде жүрген ұстаздар мен шәкірттер марапатталды.

"Оқу мен тәрбие егіз" дегендей, қашықтан оқуға қарамастан М. Әуезов атындағы орта мектебінде түрлі шаралардың нәтижесінде, облыстың білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі мен шығармашылық жетістіктері үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Көккөз Күләш Мақсотқызы Атырау облысы білім беру басқармасының "Құрмет грамотасы", ауданның білім беру саласындағы шығармашылық еңбегі мен жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін бастауыш сынып мұғалімі Жайшигулова Ләззат Қайратқызы "Құрмет грамотасымен" марапатталса, 8 - 11 сынып оқушылары арасында өткен аудандық " Ғылыми жоба" байқауында тіл білімі секциясы бойынша 2 - орынмен Адилгереева Мөлдір(жетекшісі Исказиева Ләззат), 8 - орыс сынып оқушысы "Тіл білімі" бағамы бойынша 2 - орынмен Мақтым Әсем(жетекшісі Сисенгалиева. Алтынай) Қазақстан Республикасы ауыл мектептерінің 5 және 6- сынып оқушылары арасында өткен "Мың бала" Ұлттық олимпиадасының 2 - кезеңіне қатысқаны үшін Краубаева Жанерке Бериковна марапатталды.

kulash

mynbala

apaj

Марапатқа ие болған ұстаздар мен шәкірттерге шығармашылық жетістік пен толағай табыстар тілейміз!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521