Жеті айдағы жетістік

Индер аудандық мәслихатының кезекті сессиясында аудан әкімі Мейірім Қалауи өткен жеті айдағы әлеуметтік-экономикалық даму жолында жасалған жұмыстарды қорытындылады.

Әр салаға жеке-жеке тоқталып өткен аудан басшысы пандемиядан келген зардаптың орнын толтыру үшін алдағы уақытта атқарылуы тиіс қыруар шаруаның бар екенін жеткізді.

Мейірім ҚАЛАУИ, Индер ауданының әкімі: Дерттің кесірінен өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмыс жасағанымен, өндірілген өнім көлемінің сатылуы былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмендеген. Күні бүгінге дейін аудандағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 млрд. 281 млн теңгені, нақты көлемі индексі 96,0 пайызды көрсетіп отыр. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,6 пайызға төмен.

Аудан әкімінің айтуынша, тұрғын-үй құрылысы және инженерлік инфрақұрылым саласына өткен жылғы жеті айда құйылған қаржы көлемі 1 млрд 536 млн теңге болса, биыл оның көлемі 5 млрд 809 млн теңгеге артты. Ал жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығына хабарласқан 1 695 адамның 1 423-і екі қолға бір күрек тапқан. Оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқандардың саны – 840.

Мұрат Илиясов, аудандық мәслихат депутаты: Аудан бойынша жасалған жұмыстар айтылды. Ауданның бюджеті әуелде 11 млрд болса, осы жеті айдың көлемінде 18 млрдқа өсті. Бұл – бұрын соңды болмаған қаржы. Жыл аяғына дейін 20 млрд болады деген есеп бар. Аудан әкімінің есебін қанағаттанарлық деп ойлаймын.

Сессияда аудан басшысы ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру, құқық қорғау салалары бойынша да атқарылған жұмыстардың есебін берді.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика