ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ – ЖҮЛДЕГЕР!

Сурет кейіпкерден алынған

Шаңырақтың шаттығы мен ұлттық құндылықтарымызды, қазақы тәрбиені насихаттайтын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы биыл тоғызыншы рет өткізілген еді. Аталған конкурстың аудандық кезеңі шілде айында өткізіліп, Индер ауданынан Бейсовтер отбасы мен Құлғалиевтер отбасы келесі байқауға жолдама алған болатын.

Күні кеше Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаз отбасыларын салтанатты түрде қабылдап, отбасы құндылығын арттырып, бала тәрбиесіне қосқан еңбектері үшін алғысын білдірді.

 Шара аясында ауданнан облысқа жолдама алған Өрлік ауылының тұрғыны Жоламан Бейсовтің отбасы жүлделі IІ орынды иеленіп, Железноводск қаласына "Қазақстан геологы" сауықтыру шипажайына екі адамға арналған жолдама және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

– Облыс әкімі жеке қабылдап, барлығымызға отбасы тәрбиесі үшін алғысын білдірді. Жалпы «Отан отбасынан басталады» демекші, бір шаңырақ астында жеке құндылықтарымызбен қатар, өзімізден тараған ұрпаққа дұрыс тәрбие беріп, саналы ұрпақ болып қалыптасуына жұмыс жасадық. Соның арқасында балаларымыз бақытын еңбектен тапты. Дәрігер, мұғалім, кәсіпкер мамандықтарын игерді.

Облыс әкімі жеңіл атлетикадан облыстық федерацияның Президенті екен, ұлым да жеңіл атлетикамен айналысады. Өзім ауыл шаруашылығы саласын игеріп, округ әкімдігінде бас маман, жолдасым ұстаздық жолда еңбек етті. Қазір екеуміз де зейнеттеміз. Ұрпағымызды ала жіптен аттамауға тәрбиеледік, - дейді Бейсовтар отбасының отағасысы Жоламан Бейсов.

Айта кететін жайт, жыл сайын өнегелі, үлгілі отбасыларды ұрпаққа таныту, үлгі ету мақсатында жалғасын тауып, дәстүрге айналған ұлттық конкурстың аудан бойынша қатысушылар саны артып келеді және соңғы төрт жыл[1]да мерейлі отбасына ауданымыздан қатысқан отбасылар республикалық деңгейдегі шараға қатысып, жеңімпаз болып келгені –ортақ мерей.

Осыған дейін республикалық кезеңде 2018 жылы жарсуаттық Тасқариндер отбасы лауреат атанса, 2019 жылы есболдық Тілекқабыловтар отбасы республикалық байқаудан бас жүлде иеленіп, облыс абыройын асқақтатып қайтқан болатын.

Алдағы уақытта конкурсқа қатысушы мерейлі отбасылар көбейетініне сенім мол.

 Жадыра НАРИМАНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521