ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖАЗУШЫ АТАНДЫ

Аймаққа танымал бір топ ақындарымыз Қазақстан Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданған болатын. Жаңа мүшелер арасында жерлесіміз, аймаққа танымал ақын қыздарымыздың бірі Айнагүл Кемалиева Қазақстан Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданды деген ақжолтай хабар келіп жетті.

Одақ төрағасы Мереке Құлкеновтың қолы қойылған куәлік пен арнайы төс белгіні Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қасымхан Бегманов, одақтың Атырау облыстық филиалының төрағасы, ақын  Әлия Дәулетбаева табыс етті.

Ақын замандасымыздың 2018 жылы «Ай екенмін», 2023 жылы «Жүрек сыры» атты өлеңдер жинағы жарық көріп оқырманның жоғары бағасын алған еді.

Бұл күнде облыс орталығындағы №34 көп салалы мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болып қызмет етін ақынға құтты болсын айта отырып шығармашылық табыс тілейміз!

С.КӨШЕКОВ

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT