Өткен 20 тамыз күні таңда темір жол апаты орын алды.
«Индер-Теміржолы» ЖШС-і директорының орынбасары Берік Ишанғалиевтың айтуынша, осы күні таңғы сағат 05:00 шамасында темір жолда 16 вагон тіркеген тепловоз рельстен шығып кетіп апатқа ұшыраған. Оның ішіндегі 3 вагонда жүк болған көрінеді. Абырой болғанда адам шығыны жоқ.
Бүгінде жолдан шығып кетіп, жер сүзген тепловозға байланысты құзырлы орындар тарапынан тиісінше тексеру амалдары жүргізіліп жатқаны белгілі болды.
С.ҰЗАҚҚАЛИЕВ