«Жасыл белдеу» қалпына келмек

Кешегі сенбілікте кенттің С.Құбашев көшесінің Жайық жақ жағалауындағы жасыл белдеуде тал егу жұмыстары қарқынды жүрді. Оған бірқатар мекеме ұжымдары күрекпен шұңқырын қазып, ағашын егіп, тасымалданып әкелінген құнарлы топырақ пен күбірді араластырып салып, суын құйып, талын егіп бірқатар тындырымды жұмыстар жүргізді.

-Кезінде мұнда қоршауы, ортасында жазғы сумен қамтылған құбыры, демалатын отырғыштары орнатылған тамаша парк болған. Жайықтың арғы бетіндегі жаға бойында осындай жасыл белдеу болған еді. Енді міне, тал егіліп, қайта қалпына келтіру жұмыстары қолға алынып жатқаны көңіл тоғайтады. Енді оның күтімі назардан тыс қалмаса екен, - деді тал егіп жатқан жігіттердің бірі Бөкенбай Спанов.

Өкінішке орай, бұл маңға қоқысын төгіп кететіндер көп. Сенбілікшілер айнала жинастырып қойған қоқыс қалдықтарды «Жасыл Аймақ» мекемесінің техникалары тиеуді бастады. Мекеме директоры Әнуарбек Кенжиев бұл жұмыстарға бір жүк тиегішімен, 3 тіркемелі тракторы қамтылғанын, екі мәртеден қоқыс шығарып жатқанын жеткізді.

Толығырақ газетіміздің 18 сәуірдегі санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT