Жарық қайтарғыш ленталар таратылуда

Республика көлемінде 21-23 қараша аралығында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Осыған орай Индер аудандық  бөлімінің жергілікті полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ұйымдастырылып отырған іс-шараға жұмыла кірісті.

siyr

- Қазіргі кезде автөкөліктердің үй жануарларына соқтығысып, жазым болып жатқан оқиғалар жиілеп кетті. Сол себепті республикалық маңызы бар «Индер-Атырау» тас жолы бойындағы Бөдене, Жарсуат, Құрылыс елді мекендеріндегі шаруа қожалық иелері малдарының мойнына тағатын жарық қайтарғыш ленталар таратудамыз. Бұл жол-көлік қауіпсіздігінің алдын алады деп ойлаймын, - дейді аудандық ішкі істер бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция мойоры Әсет Сапаров.

«Дендер»-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT