Жарық шамдары жаңаруда

Есбол ауылындағы көше жарық шамдарына күрделі жөндеу қажеттігі жөнінде тұрғындар жиынында сан мәрте көтерілген болатын. Жергілікті атқарушы билік мәселені жоғары басшылық орындардың алдына қойып нақты нәтижеге қол жеткізіп отыр. Республикалық «Ауыл-ел бесігі» жобасы бойынша республикалық бюджеттен 424 млн теңге қаржы бөлініп, өткен жылдың жазында жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Күні бүгінге 200 млн теңгесі игерілген көрінеді.
Есбол ауылдық округ әкімі аппаратының тапсырысы негізінде алматылық «КазЛюксСтрой» ЖШС атқарып отырған аталмыш жұмыстардың шеңберінде ауылдағы 37 көше, 6 трансформаторлық қондырғы, 1018 бағандармен заманауи ЛЭД жарық шамдарын ауыстыру қарастырылған. Аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы жергілікті жерден 8 жұмыссыз азамат жұмысқа тартылған көрінеді.  Округ әкімі Абзал Рамазановтың айтуынша,  жөндеу жұмыстарының 65-70% жасалған. Жөндеу сәтін салса жыл аяғына дейін толық аяқтау жоспарланып отыр.

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521