Жаңарған саябақ ашылып, жаңа жыл шамы жағылды

Бүгін Индер ауданында жаңартылған орталық саябақ ашылып, жаңа жылдық шырша шамдары жағылды.

Тоқталып өтсек, бұрынғы жетім баланың күйін кешіп тұрған бұл саябақ тұрғындардың біраз ренішін туғызып жүрген еді. Енді міне, шілде айынан бастап қарқынды құрылыс жұмыстары жүріп, жаңарту жұмыстары қолға алынған саябақ адам танымастай қалыпқа енді. Бұл жерде жаяу жүргіншілер жолдары, балаларға арналған ойын алаңдары, спорттық алаңша, сондай-ақ бейнекамера, жарық шамдар және басқа да демалыс алаңдары бой көтеріпті. Күннің аязына қарамастан саябақтың салтанатты ашылуына қатысқан тұрғындарды аудан әкімі Мейірім Қалауи құттықтап, ауданның әлі де ажарлана түсетінін айтты.

dsc_1664

-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында жүзеге асып жатқан «Туған жер» бағдарламасы жалпы ұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналды. Биылғы жылды ауданымыз жақсы көрсеткіштермен аяқтағалы отыр. Міне, соның бір дәлелі бүгін көптен бері айтылып жүрген орталық саябақтың ашылуы. Сондай-ақ жаз айы баста-лысымен бұл жерге талдар мен гүлдер егіледі. Сондықтан әдемі, көрікті етіп ұстап, қазақстандағы, облыстағы үлгілі саябақтардың біріне айналдыруға шақырамын,-деді.

dsc_1683

dsc_1717

Сондай-ақ бұл күні жаңа жылдың басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақар келіп, саябақ ішінен орын алған шырша шамдарын жақты. Одан әрі мәдениет үйінің қызметкерлері, республикалық КТА фабрикасының аудан ойыншылары Бірлес пен Айдос кішкентай бүлдіршіндерге және тұрғындарға қызықты ойындар ұйымдастарса, Олжас Аққалиев, Айгерім Нысанова, Мұратбек Жұмашев әннен шашу шашып, мереке көркін қыздырды.

dsc_1652

Тас жолдары төселіп, айналасы абатандырылған, демалыс орындар мен балалар алаңқайлары шоғарланған сәулеті мен сәні келіскен бұл нысан енді аудан тұрғындары мен қонақтары үшін серуендейтін орынға айналатыны ақиқат.

Диас АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT