Индербор орталығындағы «Талап» сауда кешені уақыт талабына сай жаңғырту жұмыстарын жүргізу үстінде.
Бірнеше бөліктен тұратын сауда кешенінің алғашқы бөлігі пайдалануға берілді. Заманауи үлгіде жасақталған сауда орталығының алғашқы бөлігінде 57 орын қарастырылған. Мұнда азық –түлік, электр тауралар мен киім кешектер, дәріхана орналасқан. Сонымен қатар тұтынушылар мен сатушылар үшін асхана, ұялы телефон жөнедейтін орын қарастырылған.
Сауда кешенінде халыққа қызмет көрсетіп отырған Сәрсен Ермеков, Айнұр Есқалиева, Қалампыр Аманғалиева, Данагүл Үсенова, Шолпан Тоғанасова, т.б. жаңа ғимаратта жұмыс істуеге толық мүмкіндік қарастырылып отырғанын айтады. Тұтынушылар тарапынан да оң бағасын алып үлгерді.
Индербор кентінің тұрғындары Бақберген Алмашев, Ерболат Кенжалин осындай мүмкіндік жасаған базар әкімшілігіне Алғысын білдірді.