ЖАН ТҮРШІГЕРЛІК ЖОЛ АПАТЫ БОЛДЫ

Кеше түнде, яғни, 22:00 шамасында Индер ауданына қарасты Бөдене ауылының тұсында ірі жол көлік оқиғасы болды.

Ауыл әкімі Жанболат Ғизатовтың айтуы бойынша, жол көлік оқиғасында Орал қаласының көлікжүргізушісі ірі қара малына соқтығысып, кейін қарсы бағытта келе жатқан ақтөбелік көлікке түйіскен. Екі облыстың жолаушылары да зардап шегіп, оқиға орнында екі әйел адам көз жұмса, бір ер азамат ауруханаға жеткізілген бойда демі үзіліпті. Зардап шегушілерге ауылдық амбулатория дәрігерлері алғашқы көмек көрсетіп, аудан орталығына жеткізіліпті. Ал бүгінгі күнгі кезекшілік қызметте тұрған диспетчер Венера Иманғазиева: «Кеше кешкісін ауылдың және аудандық аурухана мен жедел жәрдем бөлімі көліктерімен үш бригада жол апатынан зардап шеккен сегіз адамды жеткізген. Үшеуі қайтыс болып кетті, қалғаны ем алуда» дейді.

Сондай-ақ қазіргі таңда дәрігерлер зардап шегушілерге ем-домдарын жүргізіп жатыр.

"Дендер"-Ақпарат.

Сурет: Ашықдереккөзден.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT