Жамбыл облысындағы жарылыстан 4 әскери қызметші қаза тапты

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді.

«Ең алдымен осы апатта, өрт сөндіру кезінде қаза тапқан 4 әскери қызметшінің жақын туыстарына көңіл айтамыз және жарақаттанған қызметшілердің тезірек сауығып кетуін тілейміз», – деді ҚР Қорғаныс министрі Жамбыл өңірлік көммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Айта кетейік, кеше сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жарылыс болды.

turkystan.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT