Жалын шарпымаған бесік

Индер ауданы Елтай селолық округіне қарасты қырлықта бейіт басына кішкентай сәбиді құндақтайтын бесік қойылған.

Пері жайлап, түн көлікті жүргізбейтін қорқыныш ордасы Желкілдектен әрі асқанда Әзіағаш аталатын төбеде байырғы малшы марқұм Қарымсақтың мамасы әулие Бәтима әже сонымен қатар марқұм Ізімов Смадиярдың ұлы Дархан 1986 жылы жерленіпті. Сол жерге шардақ орнатылып, бесігі қойылған. (Естуімізше Бәтима әже кішкентай балаларды емдеп-жазып, кез келген аурудан айықтырып жіберетін көрінеді. Бесік арнайы соның құрметіне қойылса керек)

Мәжит ағамыздың айтуынша, бұл жердің өсімдігі сіріңке тисе лаулай жөнелетін ақтық болғандықтан дала жиі өртке оранады екен. Осындай бір алапат жалыннан қашып келген дала қояны осы бесікті келіп паналапты. Бірақ күйік шалған соң өліп қалған.

Ал таң қаларлығы - бесікті жалын ала алмаған. Бұл да бір бесіктің қасиеті, сәбидің періштесі қаққаны шығар.

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521