Жаңа спорт және ойын алаңы салынып жатыр

Индербор кентіндегі Д.Қонаев пен Тайсойған көшелерінің қиылысына жаңадан балалардың ойын және спорт алаңы салына бастады.

Яғни бұл арада бұрын ескі 70 пәтерлік үйдің орны қалып игерусіз жатқан. Аудан әкімі М.Қалауи кезінде жекеге беріліп кеткен бұл жерді мемлекет мұқтажына қайтарып осылай көптің игілігіне пайдалануға жаратпағын атап өткен болатын.

70

Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Бауыржан Иманғазиевтан білгеніміздей, бұл нысанға тапсырыс беруші құрылыс бөлімі болса, құрылысын жүргізіп жатқан мердігер мекеме - атыраулық «Бахан» ЖШС.

-1400 шаршы метрді қамтитын ойын алаңының құрылысы маусым айында бастау алды. Қазір құрылыс жұмыстары қалыпты жүруде, - деді салалық бөлім басшысы Б.Иманғазиев.

Осылайша кенттегі жаңа ойын алаңымен толығып, көп қатарлы үй балаларының алаңсыз ойнауына жағдай жасалмақ.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT