Жұмыс сұрайды, тәуірін таңдайды

Мемлекет басшысының басты тапсырмаларының бірі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, онымен күресті үнемі жетілдіріп отыру болатын.

Осы орайда аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында біраз мәселе қаралды. Азаматтарды жұмыспен қамту саласында атқарылған жұмыстар жөнінде жұмыспен қамту орталығының директоры Ш.Алмурзиев хабарлама жасады. Жыл басынан бері, 11 айда орталыққа 2126 адам жұмыс іздеп келсе, оның 1865-і жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып, 87,7 пайызды құраған. Аудан бойынша 3 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, оған қатысқан 367 адамның 182-сі жұмыспен қамтылған. Өзге де бірқатар жұмыстар атқарылып, оның бәрі заңды жолмен жүзеге асқан. Өкінішке орай, кейбір тұрғындар жұмыс сұрап келгенмен ұсынған қызметті менсінбей тәуір жұмыс таңдайтын көрінеді.

Ал ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызмет көрсету мен жасалған жұмыстар жөнінде аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Есетов толыққанды түсінік берді. Отырыста комиссия мүшелері біраз сұрақтарын қойған соң аудан әкімі С.Арыстан жиынды қорытындылап, сыбайлас жемқорлықпен күрес еш толастамауы қажеттігін, әр іске өте жауапкершілікпен қарауды тапсырды.

Толығырақ 27 желтоқсандағы санынан оқи аласыздар

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика