Индер ауданында бүгін «Заң керуені» акциясы басталды.
Атырау облыстық прокуратурасының облыс әкімдігімен бірлескен жобаның мақсаты – жергілікті жерлерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту үшін азаматтық қоғам мен құқық қорғау, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың күш-жігерін біріктіру болып табылады.
Акция аясында Индер ауданында бірқатар ведомстволардың: прокуратура, полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, экономикалық тергеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, экология, Мемлекеттік кірістер департаменті, еңбек инспекциясы,білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері қатарынан мобильді топ жұмыс істеуде.
Мобильді топ алғашқы сапарын Көктоғай ауылынан бастады. Мәдениет үйінде топ мүшелері өз салалары бойынша келушілерді қабылдап, сұрақтарына жауап берді.
Тұрғындар көбіне тұрғын үй, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту мәселелері бойынша құқықтық кеңес алды.
Мобильді топ жұмысы екі күнге жоспарланып отыр. Олар барлық ауылдық округтерде болады.
С.Көшек