Өткен ғасырда орын алған Сталиндік репрессия салдарынан қазақтың 70 мыңға жуық көзі ашық, зиялы қауымы жазықсыздан жазықсыз айдау көріп оққа ұшты. Артына қалған қрпақтары теперіш көріп, қысастыққа ұшырады.Ел егенмендік алып олардың басым көпшілігі ақталғанымен жүректе қалған дақ пен жара жазылмақ емес.
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Тарих шындығы:тағдырлар мен оқиғалар» атты тарихи кеш ұйымдастырылды. Алдымен құрбандарды бір минут үнсіздікпен еске алумен басталған тарихи кешке сол бір зобалаң жылдарда айдауда болған Құныскерей Қожахметұлы Ғабдысалам Хамзин, Сейілхан Ғабдуллин, Қалам Есқалиев сынды тұлғалардың көзін көргендер мен ұрпақтары шақыртылды. Кездесу барысында аудан әкімінң орынбасары Артур Мурзин, аудандық мұрағат директоры Нұрлы Иғалиева, оқырмандар Сүйеу Халықов, Тұремұрат Ізмұханов, Ғалия Мұқанғазина мен ұрпақтары Ғабдысамат Әйіп, Марат Габдуллин, Серік Құныскереев сөз алып жан қинаған сәттердің куәгерлерінен естігендерін баяндап өтті.
Жалпы бұл зұлмат жылдары Индер ауданы бойынша 30 астам адам қуғынға ұшырап азапталған. Еске алу шарасында «Көктем» қазақ орта мектебінің 3 сынып оқушылары да қатынасып өз сұрақтарын қойды. Ал өнерпаздар Тимур Нұрмағамбетов, Азамат Жеңісұлы, оқушы Ислам Мурзағалиев ән мен күйден, өлеңнен тарту етті.
Сұңқар КӨШЕКОВ
Зұлмат жылдар жарасы жазылмайды
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Аудан тынысы
- Read Time: 1 min
- 535
