Білімді де білікті маман даярлаудың мақсаты — маманның бойында іргелі де жүйелі білім, кәсіби іскерлік пен дағды, шығармашылық белсенділік пен еркіндік, мәдени ойлай білу қабілеттерін қалыптастыру. Бүгінде білім берудің жаңа оқыту жүйесі, құрылымы, оқытудың педагогикалық технологиясы артып, осы жолда біршама бағдарламалар іске асырылуда.
Студенттердің өздері таңдаған мамандықтары саласында білімдерін тереңдету, теориялық және тәжірибелік бағытта кәсіби машықтарын шыңдау, жұмысшы мамандығының кәсіби шеберлерін анықтау, қолдау көрсету мақсатында жыл сайын түрлі конкурстар, сайыстар ұйымдастыру дәстүрге айналған. Соның бірі де бірегейі – Worldskills Atyrau-2018 жұмысшы мамандығының облыстық чемпионаты. Облыстық чемпионатқа біздің колледжден қатысқан «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша студент Қарабалина Ақсамал ІІІ орын, «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» мамандығы бойынша Шүкір Болат ІІ орын, «Слесарлық іс» бағамы бойынша Батырханұлы Дәулет ІІІ орын алса, Мұратов Ерболат арнайы сертификатпен марапатталды.
Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламасының басты мақсатында көзделгеніндей, еліміздің экономикасына құзіреттілігі жоғары, бәсекеге қабілетті және оқуын жалғастыруға білімі жеткілікті мамандар даярлау – бүгінгі күннің басты талабы.
Е.МҰРАТОВ,
аудандық көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжінің студенті.