Үздіктер анықталды

Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай облыс орталығында өткен салтанатты шарада ауданның бір топ азаматтары марапатталды.

Олардың қатарында Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісімен «Ынтымақ» шаруа қожалығының төрағасы Хайролла Өмірғалиев, «Үздік мал өсіруші» бағамы бойынша «Нұрлыбек» шаруа қожалығының жетекшісі Нұрғали Жалиев, «Үздік мал дәрігері» бағамы бойынша жарсуаттық Наурызғали Қуанышев марапатталған көрінеді. Олардың бұл марапаттарын облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев табыстады.

Жерлесіміз, белгілі малбегі «Социалистік Еңбек Ері» Сақан Дәулетқалиев атындағы сыйлық бұл жолы «Құрманғазы» кооперативінің шопаны Дархан Махуовтың еншісіне бұйырған көрінеді.

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521