ТЖ кезінде қолдану мерзімі өткен құжаттар 10 шілдеге дейін жарамды

Жарамдылық мерзімі өткен құжаттарды ауыстыру биыл 10 шілдеге дейін айыппұл санкцияларынсыз жүзеге асырылатын болады, – деп хабарлайды "Дендер газеті" әлеуметтік желісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елімізде төтенше жағдай режимін енгізгеннен кейін ХҚКО жұмысы 26 наурыздан бастап тоқтатылды және бірқатар мемлекеттік қызметтер, оның ішінде жеке басты куәландыратын куәліктерді қайта рәсімдеу бойынша қызметтер көрсетілмеді. Төтенше жағдайды енгізу форс-мажорлық жағдай деп танылады, сондықтан Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтардың кейбір құжаттарын жарамды деп тану туралы қаулы қабылдады:

1) “Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көрсетілген жеке басын куәландыратын құжаттар;

2) жүргізуші куәліктері, оның ішінде міндетті техникалық байқаудан өту туралы уақытша куәліктер;

3) азаматтық және қызметтік қару және оның патрондарын сатып алуға, сақтауға және алып жүруге рұқсаттар;

4) кіруге және кетуге арналған рұқсаттар (визалар), Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға арналған рұқсаттар, еңбекші көшіп келушіге және шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушіге рұқсаттар, пана іздеуші адамның куәлігі.

Жарамдылық мерзімі төтенше жағдай кезеңінде өткен жоғарыда көрсетілген құжаттар төтенше жағдай жойылған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде, яғни биыл 10 шілдеге дейін жарамды деп танылады.

Төтенше жағдай режимі кезеңінде және ол аяқталған күнінен бастап күнтізбелік 60 күн ішінде он алты жасқа толған және жеке басты куәландыратын құжат алмаған азаматтар үшін туу туралы куәлік немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты көрсетілген кезеңде жеке басын куәландыратын негізгі құжат болып табылады. 

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика