Махамбет атындағы орта мектептің 38-ші түлектері ауылға сый ретінде спорт алаңын тарту етті.
«Аққу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды» дегендей, әркімге өзінің туған жері қымбат. Біз, 38-ші түлектер ауылымыздың одан сайын гүлденіп, көркеюін қалаймыз. Сол мақсатта ашылған алаңнан туған жерін, елін танытып, көк туымызды биікке көтеретін жас ұрпақтың көбейетініне сенімдіміз. Бой көтерген спорт алаңы ауылымыздың игілігі мен жастардың болашағы үшін керек дүние деп білеміз.
Әлі талай осындай игілікті істер мен жақсы жобалар жалғасын таба берсін. Спорт алаңын салуды ұйымдастырған, атсалысқан барша құрдастарға бек ризамыз. Еліміз мәңгілік жайнай берсін!
Аманкелді МУХАНТАЕВ,
Жарсуат ауылы