Есбол ауылдық округіне қарасты 122 сайлау учаскесінде жұмыс жүйелі жүріп жатыр. Сайлау комиссиясының төрағасы М. Сабированың айтуынша ауылдықтар өз алдына қырдағы ағайындар да белсенді араласып жатыр. Оларға мал бағып жүрген жеріне дейін жетіп, сайлауға дауыс беруге жағдай туғызуда. Соның бірі, сонау Тоқбайда төрт түлігін өргізіп отырған ағайынды Мұхамбедовтер де өз таңдауын білдіріпті.