Тиімді жоба жалғасын табады

«Қарызсыз қоғам» жобасы биыл да жалғасын табады. Жеке тұлғалар арасында берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған жоба еліміздегі 17 өңірі мен 3 республикалық маңызы бар қаланы қамтиды.

Жоба аясында қаржы сарапшылары халықты оқытып, қаржылық сауатын арттыруға көмектеседі. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Қуантай Бисалиев пен «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша қаржылық сарапшы, ментор Ақан Қайырғалиев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткізілген баспасөз мәслихатында арнайы атап өтті.
- Былтыр еліміздің 8 өңірінде «Қарызсыз қоғам» пилоттықжобасы өз жұмысын бастады. Ол өз тиімділігін көрсетіп, жалпыхалықтық бағдарламаға айналды. Өткен жылы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өтіп, жоба игілігін бүкіл еліміз көруі
үшін оның ауқымын кеңейтуді тапсырды. Биылдан бастап 17 өңір мен 3 республикалық маңызы бар қаланы қамтитын жобада 150 мыңдай адамды оқыту көзделген. Соның ішінде Атырау облысында 6 мың адамды оқыту жоспарда бар,- дейді Қуантай Бисалиев. Аталмыш «Қарызсыз қоғам» жобасы республикалық «AMANAT» партиясы мен «Halyk Bank»-тің бірлескен бастамасы болып табылады. Аталған жобада несие бойынша берешегі бар және борышкерлер тізімінде тұрған тұрғындар, қарызы бар және оның мерзімін өткізіп алған азаматтар, мемлекеттен жеңілдікпен несие алуға үміткер кәсіпкерлер оқудан өте алады. Бұл жоба өткен жылы ауданымызда да ұйымдастырылды. Жыл бойына 500-ден аса адам қаржылық сауаттылықтан өтіп,
тиісті сертификатқа ие болған болатын. Үстіміздегі жылы жоспар бойынша 600 адамды арнайы курстан өткізу жоспарланып отыр. Аталған жобада курсқа жазылу үшін тұрғылықты жері бойынша «AMANAT» партиясының филиалына хабарласу қажет. Осылайша тұрғындар күліп кіріп, жылап шығатын қаржыны игеруді үйренбек.
                                                                                                                                                                                                                                              С.ҰЗАҚҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521