ТІГІН ШЕБЕРХАНАСЫ АШЫЛДЫ

Бүгін «Zhas Project» жобасы аясында Махамбет көшесі №36 үйден «Адал» тігін шеберханасы ашылды.

Жоба авторлары Ә.Дауленова, Э.Қожаева, Г.Сансызбай аз қамтылған және көпбалалы отбасы аналары мен балаларына кешкі көйлектер мен оқушыларға мектеп формаларын тегін тігіп бермек. -Алға қойған мақсатымыздың арқасында жұмысымызды бастап, міне, бүгін сол істі жүзеге асырып отырмыз. Көрсетілетін қызметті тұрғындардың көңілерінен шығатындай етіп дайындасақ, бұл біз үшін үлкен абырой,-деді кәсіпкер Әмина Дауленова.

jass7456333

Тігін шеберханасы заманауи тігін машиналарымен және басқа да құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Тапсырыс беруші мата түрлерін таңдап өз қалауынша тіктіре алады. Қуанышты күннің тұсаукесеріне қатысқан аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Сұңқар Көшеков пен жоба қатысушының әжесі Қапия Гилманова жоба авторларының жұмысына сәттілік тілеп, лентаны кесті.

Айта кетейік, бұл «Zhas Project» жобасы аясында ашылып жатқан аудандағы 5 нысан.

Диас АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT