«Теңіз» кенішінде карантиндік шектеу ұзартылды

«Теңіз» кенішінде карантиндік шектеу 12 маусымға дейін ұзартылды. Ондағы ахуал әлі де күрделі. Бір тәулікте 19 адамнан вирус анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Індет жұқтырғандардың жалпы саны 961-ге жетті. Қазір кен алаңына кіріп-шығуға тыйым салынған. Тек түнгі уақытта жұмыс істейтін мамандар мен медицина қызметкерлерінің ғана қозғалуына рұқсат берілді.

Алмагүл Көшкінбаева, тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы:

– «Теңіз» кенішіне кіріп-шығу шектеледі. Тек аса қажетті мамандар мен азық-түлік, медициналық препараттармен қамтамасыз етуші ұйым өкілдері ғана өткізіледі. Сонымен қатар вахталық мерзімі аяқталған жұмысшылар тұрғылықты мекен жайларына қайтуына рұқсат етіледі.

24.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521