ТАЛАП – ТЕННИС ҮЗДІГІ

“AMANAT” партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Индер бастауыш партия ұйымында үстел теннисінен ашық турнир өтті.

Турнирде Индербор кентімен қатар, ауылдық округтен әр саланың ардагерлері өзара бақ сынасты. Сайыстың ашылу салтанатында “AMANAT” партиясының Индер аудандық филиалының атқарушы хатшысы Дәурен Сағынғалиев сөз алып, сайыскер ардагерлерге сәттілік тіледі. Сонымен қатар, ол аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қазақстан журналистикасының қайраткері Сүйеу Халықовқа бірлесіп қызмет атқарып, партиялық жобаларды жүзеге асыруға белсене атсалысқаны үшін Алғыс хат табыс етті.

Құттықтау тілекті аудандық мәслихат депутаты, аудандық балалар спорт мектебінің директоры Нұржан Бисенбаев жалғастыра келіп, сайыс керлерді сайыс кестесімен таныстырды. Тартысты өткен турнирде Есбол ауылынан келген Омар Талап жеңімпаз атанды. Жүлделі орындарды Индербор кентінен Әділ Құспанов және Есбол ауылынан Бекберген Досқалиев өзара бөлісті. Жеңіс тұғырынан көрінген ардагерлер диплом, медаль және бағалы сыйлықтарға ие болды. Сондай-ақ турнирге қатысқан барлық ардагері де Алғыс хатпен марапатталды.

– Партиялық жоба аясында бұған дейін ардагерлер арасында шахмат пен дойбыдан жарыс өткізген болатынбыз. Бүгін, міне, үстел теннисінен қызықты да тартысқа толы бәсекелер жалғасын тапты. Алдағы уақытта да бұқаралық спортты дамыту бағытында осындай жарыстарды дәстүрлі түрде ұйымдастырып отыру жоспарымызда бар, – дейді Дәурен Сағынғалиев.

Саламат БАЗАРБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521