ТАЛАНТТАР ТАҢДАЙ ҚАҚТЫРДЫ

Еліміз егемендік алғаннан кейін Ұлттық құндылықтарымыз қайта оралып, халықпен қайта қауыша бастады. Солардың бірі өнер мектебі республика күніне айтулы жетістіктермен келіп отыр.

Жас таланттарды шыңдайтын өнер мектебінің контингентінің көбеюіне байланысты Болашақ шағын ауданынан көп балалы аналар үшін 2020 жаңа оқу жылынан бастап өнер мектебінің қосымша бөлімшесі құрылды. Бұл өнер ордасында кәсіби мамандар халқымыздың әнкүйі мен жыр-термесін жас жеткіншектерге үйретіп келеді.

Алғашында 30-ға жуық оқушымен бастап, домбыра, сурет, вокал кластары болса, бүгінгі таңда 90-нан астам оқушы 9 мамандық бойынша білім алып жатыр. Қысқа мерзімнің ішінде өнер ордасының шәкірттері түрлі деңгейдегі өнер байқауларына қатынасып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. Атап айтсақ, облыстық «Бояулар құпиясы» байқауынан Жолдаскалиева Даяна II орын иеленсе, республикалық деңгейде Иманғали Айшаға I орын бұйырды. Сондай-ақ, қобыз-прима класы бойынша «Жадыра,жас дарын!» XI республикалық байқауында Құрақ Қарлығаш II орын алса, көркемсөз номинациясы бойынша Ұлдар ансамблі гран-при иегері, домбыра класы бойынша «Ақ көгершін» республикалық конкурсынан Бейбіт Нұрай III орын алды. Ал, Астана қаласында өткен III халықаралық фортепиано ансамбльдерінің фестивалінде оқушыларымыз дипломант атанып, мектебіміздің мерейін асқақтатты.

Бұл байқаулар оқушыларымыздың үлкен сахнаға бойын үйретеді, тәжірибе жинап, жеңіске жетулеріне жол ашады. Мектебіміздің басты мақсаты- білім алушылардың музыкалық сауатын ашу, ұлттық аспаптарды насихаттау, өнерге деген қызығушылығын арттыру, бос уақыттарын тиімді пайдалану. Аталған мақсаттарымен ұштастырып, мектебімізде мерекелік атаулы күндер, іс-шаралар көптеп өткізілуде.Тоқталып өтсек, «Қобыз аспабының шығу тарихы» атты сынып сағаты, оқушылар мен атааналардың қатысуымен «Армысың, әз Наурыз» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Тәуелсіздік күніне арналған мектепшілік суретшілер байқауы өтті. Оқушылардың қатысуымен «Жас ақындар айтысы» атты іс-шара өткізілді. Қатысушылар айтыс өнерін өте жоғары деңгейде көрерменге жеткізді.

Айтыстың қызықты әрі шынайы үлгісін тамашаладық. Әр іс-шарадан оқушылар мәнді мағыналы әсер алатынына сенімдеміз. Айта кеткен жөн, Болашақ өнер мектебінің іргетасы 2020 жылы қаланып, 2024 жылдың мамыр айында алғашқы түлектер қанаттарын қақты. Қуантарлық жағдай, көркем сурет класының түлегі Жолдаскалиева Даяна Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне ақысыз бөлімге оқуға тусті. Ұрпақ тәрбиесі - ұстазға байланысты дегендей, кәсіби маманнан білім алған шәкірттен түбінде таудай талант шығатыны анық. Өнерлі орданың бағындырар белесі ұшан теңіз, шығар биігі әлі алда деп сенеміз. Міне, әзірге республика күніне мектебіміз осындай сый жасап отыр.

Жаниса СУПЫГАЛИЕВА,

Индер балалар өнер мектебінің педагогі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT