Сын сағаты таяп келеді


Міне, Атом электр станциясы құрылысын салу туралы өз таңдауын нақтылап, маңызды шешімге қадам жасауға санаулы сағаттар қалды. Ол - елімізде өткелі тұрған ең ірі саяси науқанның бірі. Сол себепті әр өңірдегідей Индер ауданында да қызу дайындық жүруде.
Аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Сапаров Бағдаттың айтуы бойынша, ауданда 20284 адам дауыс береді. Қазіргі таңда ауданда 1 аумақтық, 18 учаскелік референдум дайын. Оның 7-еуі Индербор кентінде, 11-і ауылдық округте. Яғни, Бөденеде- 1, Жарсуатта -2, Көктоғайда –1, Өрлікте – 1, Есболда – 3, Елтай ауылдық округінде – 3 жерде орналасқан.
Кәмелет жасқа толған әрбір азамат бұл науқанға қатысып, ел болашағы үшін маңызды шешім қабылдап, өз дауысын бере алады.

Акмарал БОКИРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT