Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында: «Қазақстанда адамды ұлтына, тіліне, дініне қарай кемсіту ешқашан болған емес, болмайды да. Барша азаматтарға бірдей мүмкіндік берілген. Бұл – нағыз әділдік, әділетті мемлекеттің ажырамас бөлігі. Тағы да айтарым: елдің бірлігі мен татулығы ең негізгі құндылықтарымыздың қатарында тұр. Бұл – мемлекеттік саясаттың басты тұғыры. Болашақта да солай болмақ. Осы стратегияның арқасында түрлі этнос өкілдері бір шаңырақтың астында бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бұл – мағынасы терең нақты жетістік. Отаншылдық, азаматшылдық, өзара сенім мен жауапкершілік – Қазақстан халқының жалпыұлттық бірегей болмысын айқындайтын құндылықтар. Қазақ жерінде тұрып жатқан барлық этнос өкілдері өздерінің тілін, мәдениетін және салт-дәстүрлерін жан-жақты дамыта алады. Оған қажетті барлық жағдай жасалған. Біз біреуге еліктеп, жан-жағымызға жалтақтаған емеспіз. Ең бастысы, ұлтаралық қатынастар саласында озық әдіс-тәсілдерді қолданып, тек алға қарай жүрдік, болашақта да солай болу керек» деді.
Мен тұтынушыларымның ыңғайына қарай қазақша сөйлегеніне қазақша, орысша сөйлегеніне орысша жауап беремін. Өзіме екі тіл де қолайлы. Ешкім мені қазақша сөйлеуге мәжбүрлеген жоқ. Қазақы ортада өскендіктен, сауда жасағасын өмірдің өзі тілді үйретті. Ешкімді ұлтына қарай бөлген емеспін. Кенттің де, ауыл-аймақтағы да тұтынушыларым мені таниды. Мен оларды танимын. Жылышыраймен қабылдап амандасып жатады, саудасын жасайды. Өзім тарихи Отаным Ресейге, не Украинаға көшіп кету жөнінде ешқашан да ойламаппын. Болашағымды тек өзімнің бала кезден бауыр басқан Индеріммен, Қазақстанмен ғана байланыстырамын.
Барша жерлестерімді биылғы Қазақстан халқы Ассамблеясыныі 30 жылдық мерекесімен құттықтаймын. Достықты, татулықты қадірлей білетін жерлестеріме бақуатты өмір, жақсылық тілеймін.
Ирина Владимирқызы,
Индербор кентінің тұрғыны