Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ.

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады.

Сыбайлас  жемқорлықтың алдын-алу шарасын қатаңдатуды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуінде баса айтты. Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен күресте бүкіл қоғамның белсене ат салысып, жемқорлық жағдайларына жалпыға ортақ төзбеушілік қоғамын қалыптастыру маңызды екенін жеткізді.

Осыған орай, Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі Айнұр Ерсайынқызының ұйымдастыруымен (онлайн ZOOM платформасында) техникалық оқулар  жиі өткізіліп тұрады. Техникалық оқу барысында, қызметтік Әдеп нормаларын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдардың талаптарын бұзушылықтардың алдын-алу, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы талаптар мен сыбайлас жемқорлық санатындағы бұзушылықтарға жол бермей, олардың алдын алу шаралары туралы түсіндірме жүргізіліп, қызметкерлердің көкейінде жүрген сауалдары қойылып, толық жауаптар алады. Әр тоқсан сайын анкеталық сауалнамалар жүргізіліп отырылады.

Индер аудандық қазынашылық басқармасында да сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының нормаларын сақтау мақсатында мекеме қызметкерлерімен техникалық оқулар жиі өткізіліп тұрады. Басқарма басшысы Гүлдариға Болатқызы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды  басқарма қызметкерлеріне уақтылы таныстырып, Заңның талаптарын сақтау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметші Заңда белгіленген шектеулерді сақтап, мүдделер қақтығысын болдырмау қажеттігі, жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінен сыйлықтар алуға және қызметтік лауазымын пайдалану арқылы өзінің немесе отбасы мүшелерінің игіліктері үшін әрекеттер жасауға қатаң тиым салынатындығын, өз лауазымдық міндеттерін асыра сілтеп пайдаланбауға, мемлекеттік қызметші әр іс әрекеттері үшін Заңдылыққа сәйкес жауап беретіндігін жете түсіндіреді.  Басқарма қызметшілеріне мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаларды сақтау бойынша консультациялық көмек көрсетіп, Әдеп кодексінің нормаларын тәжірбиеде қолдану мәселелерін түсіндіріп және құқық бұзушылықтарды жасауға итермелейтін себептер мен шарттарды қызметкерлер арасында талқылап отырады. Ғимараттың кіре берісінде мемлекеттік мекемелердің өтініші мен шағымдарын қабылдау жәшіктері орнатылған, арнайы бұрышта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі бойынша ақпарат орналастырылған. Басқарама қызметкерлері Қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы нормативтік құқықтық заң талаптарын сақтай отырып, функционалды міндеттеме шеңберінде мемлекеттік мекемелерден келіп түскен қаржылық құжаттарды өткізу жұмысын жоғары деңгейде атқарып келеді. Осыған орай Индер аудандық қазынашылық басқармасы қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қоғамымызда туындамауына, жол берілмеуіне ат салысып келеді.

 «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды»- деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтып кеткендей, бір жұдырықтай болып сыбайлас жемқорлықпен күресуде бар күш жігерімізді салуға шақырамын. Қазақстан Республикасының азаматы және мемлекеттік қызметкер ретінде қоғам жастарына үлгі көрсетіп, жауапкершілігімізді арттырып, заң мен адалдықты алға қойып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру міндетіміз екенін, ұмытпайық. Сыбайлас жемқорлықпен күресу, оны жою әрбір адамның мемлекет алдындағы азаматтық борышы деп есептеймін. Сыбайлас жемқорлықты жеңген күнде ғана еліміз көркейіп, жаңа белестерге жете аламыз. Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа бәріміз бірге «ЖОҚ» дейік!

 

 

 

Индер аудандық қазынашылық басқарма басшысының орынбасары Абдрахманова Алёна.   

07.08.2023 жыл.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT