Суреттер сөйлейді

Өздеріңіз әр аптада асыға күтетін «Dender» газетінің шыға бастағанына биыл 85 жыл толып отыр.

 

Қашанда ел мен жерінің тарихына сергек қарап, ұдайы жанашырлық танытып жүретін газет редакциясы бұл бағытта бірнеше материалдар мен естеліктерді жариялап та үлгерді. Бұл игі шараға барша оқырмандарды да үлесін қосуға шақырамыз.

Сонымен бірге көпшіліктің жеке қорында сақталып қалған сирек суреттерді жарыққа шығару мақсатымен «Суреттер сөйлейді» атты конкурс ұйымдастыруды қолға алып отырмыз. Конкурсқа тарихы оқиғалар мен тұлғалар, өткеннің тыныс-тіршілігін бейнелейтін суреттер, табиғат әлемі, аң, құс, бәйге аты сынды суретшінің нысанына ілінген барлық қызықты суреттер де қабылданып, редакциялық сараптаудан өтеді.

Ескерту, жеке тұлғалардың ағайын-туыстықты насихаттайтын, болмаса біреудің ар-намысы, жеке басына тиетіндей суреттер конурсқа жіберілмейді.

Үздік танылған суретке жылдың соңында арнайы байрақ берілетін болады. Конкурсқа суреттің авторы, мазмұны, суреттегі тұлғалардың аты-жөндері сауатты жазылып бірге жіберілуі тиіс. Аяқтай әкеліп беруге де болады. Суреттер авторларға қайтарылады.

Бүгін біз осы конкурсқа жолданған Ақақала ауылынан «Аққала-Мәдениет» КҚМК директоры, ақын Камалиден Ізімовтің жолдаған суретін көптің назарына ұсынамыз.

Суретте: Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, сатирик-жазушы, жерлесіміз Есенжол Домбаев пен қазақтың Левитаны атанған атақты диктор Әнуарбек Байжанбаев ауыл тұрғындары Қабден Жаймақов пен майдангер Әпенде Раушановпен бірге түскен суреті.

 

«Dender» газеті редакциясы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521