Дендер өңірін суретшілер отаны десе де болады. Өйткені, бірнеше қылқалам шеберлері осы жерде туып өсіп, есімдері әлемге жайылды. Солардың бірі— суретші Әбдірашит Сыздыханов.
Міне кеше ғана суретші есімі ұлықталып, Атырау қаласының бір ықшам ауданы көшесіне оның есімі беріліпті.
Осы шараға қатысқан Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Әділқайыр Жантасов:
- Әбдірашид Сыздыхановқа көше аты берілді. Бұл барша өнер иелеріне құрмет деп ойлаймын. Алдыңғы жылы Мұхит Қалимовтың атына көше берілді. Қос алыбымыздың қазақ өнерінде көш бастаған еңбегі бағаланды. Мына фото Алматы, Кенсай-2 дегі Әбдірашид ағамыздың мәңгілік мекені, Аруағына тағзым ету,- дейді.
Осылайша тағы бір тұлға есімі ұрпақ жадында сақталды. Өнер мәңгі жасайды.