Ұстаздарға соғылған ескерткіштей...

Дендер жері небір ғұламаларға, өнер майталмандарына кенде болмаған. Сол секілді Жарсуат топырағында дүниеге келіп, өз дарынымен ерекшеленіп, еліне қалтқысыз қызмет еткен ҚР білім беру ісінің үздігі, Республикалық «Махамбет» сыйлығының иегері, «Х.Досмұхамедов» алтын медалінің иегері, ауданның Құрметті азаматы Аталық Бисен Әлмұқанұлының «Киелі де, қасиетті Жарсуат» кітабының тұсаукесері өткізілді.

Алдымен лэд экран - нан жиналған қонақтарға қ а л а м г е р д і ң ө м і р і м е н шығармашылығына арналған бейнефильм көрсетілді. Одан соң, ауылдағы Махамбет атындағы орта мектептің бастауыш оқушылары мерекелік л е б і з д е р і н а й т ы п , ө л е ң шумақтарын арнады. Одан соң автор сахна төріне шығып кітаптың неліктен «Киелі де, қасиетті Жарсуат» деп аталғандығы жөнінде, осы жолға баулыған, тәрбиелеген ұстаздары жөнінде сыр шертті. К і т а п т у р а л ы Ж а р с у а т ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы Талғат Тасқарин шолу жасап, мазмұнына тоқталды. Салтанатты шарада Бағыт А м а н т а й м е н М а х а м б е т атындағы орта мектептің директоры Наурызғали Азербаев кітаптың тұсауын кескеннен соң, ауданның құрметті азаматы Молдабай Берғалиев өз тілектерін білдірді. Одан кейін жерлес ақыны Серік Ж е т п і с қ а л и е в т і ң Б и с е н Аталыққа арнауын немересі Назым Талғатқызы орындап, көрерменнің ықыласына бөленді. Авторды құттықтаушылар да көп болды. Солардың бірі «Көкшетау» газетінің бас редакторы Серік Жетпісқалиев пен 2012 жылғы Қазақстанның ең үздік дәрігері Анар Қадірқызы видео арқылы лебіздерін білдірді. Шара соңында округ әкімі Ербол Бөкеев авторға тілегін білдіріп, отанасы Рая апайға гүлшоқтарын ұсынды. Рухани кеште Назгүл Тналиева «Ағаларым», Лаура Қапашева «Алғыс» әндерін орындап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жадыра НАРИМАНОВА, Жарсуат ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT