Пробация – адамдардың қайта қылмыстыққа бармауы үшін мінез-құлқын түзеуге бағытталған қызмет түрі. Егер байқаусызда қылмысқа барып сүрінген жандар болса, оларды түзеу мекемесіне отырғызбай, қайта тәрбиеленуіне мүмкіндік береді. Әлеуметтік мәселелері болса шешуге ықпал жасайды.
Алайда Индер аудандық пробация қызметі тобының есебінде тұрған 1972 жылғы Т.С. пробация қызметінің бірнеше мәрте берген ескертуіне құлақ аспай, қайта құқық бұзушылыққа барды.
Ол былтырғы 14-ші қазанда Индер аудандық сотының үкімімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 3 бөлігі 3 тармағымен, яғни ұрлық жасағаны үшін 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасына сотталған болатын. Ал былтырғы 1 қарашадан бастап Индер аудандық пробация кызмет тобының есебіне алынып, оған барлық міндеттері түсіндірілді. Алайда сотталған Т.С. сот жүктеген міндеттерді орындамай келді, Әкімшілік құқық бұзды. Сол себепті пробация кызмет тобы аудандық сотқа оның бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығын айыру жазасымен ауыстыру туралы ұсыныс жолдады. Аудандық сотта сотталушы Т.С-ның 80 жастағы анасы барын, оған көмектесетін адамы жоғын ескере отырып, бас бостандығынан айырмай түзелу жолына тағы бір мүмкіндік берді.
Бибігүл ҚАНАТБАЕВА,
Индер аудандық пробация қызметі тобының басшысы