Саябақ сәнге енгенде...

Индерборда соңғы бірер жылда ғана бірнеше саябақ күрделі жөндеуден өтіп, тұрғындар игілігін көре бастады. Кезегін күткендері әлі де бар.

Соның бірі Жайық жағалауындағы бұған дейін қараусыз қалған саябақ еді. Өкінішке орай ашық-шашық қалған саябақтың ішіне маңындағы кейбір тұрғындар жылда қоқысын төгіп, ол сенбілік сайын тазаланатын. Әрі әркімнің малы жайылатын иесіз орынға айналған еді. Сәтін салып, былтырдан бастап саябақтың қоршауы тиянақталып, жаңадан жасыл-желек отырғызу қолға алынған болатын. Бұл игі жұмыстар биыл да жалғасын тауып, саябаққа 6 мың шаршы метрге тротуар тастары төселді.

Индербор кенті әкімі Асхат Аймұратовтың айтуынша, енді жарық шамдарын орнатуға 15 бағана, 12 отырғыш, 6 урна қондырылмақ.

-Қазір саябаққа электр энергиясын жүргізу жұмыстары жүруде. Жазғы суы бұған дейін жүргізілген. Алдағы уақытта саябаққа балалардың ойын алаңшаларын салу сынды тағы да ойластырылған жақсы жоспарларымыз бар. Ал басты мақсатымыз жағалауды игеру, тұрғындардың жайлы демалуына мүмкіндігінше бар жағдай жасау, - деді кент әкімі Асхат Саламатұлын сөзге тартқанымызда.

Ендеше бастау алған игілікті істің сәтімен жалғасын тауып, кентіміздің демалыс орындары мен жасыл-желегі көбейе бергенін қалаймыз.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521