Биылғы жаз мезгілінде аудан орталығында көптеген құрылыс жұмыстары жоспарланып, жергілікті бюджеттен арнайы қаржы қаралған.
Мәселен, Меңдіғалиев көшесінде орналасқан саябақ пен Жайық жағасындағы ескі парк күрделі жөндеуден өтпек. Жоба бойынша саябақтардың сыртқы қоршауы жаңартылып, тұрғындар қауіпсіздігі үшін бейнекамералар және жаңа үлгідегі жарық шамдары орнатылмақ. Сондай-ақ бұл жерлерге жаяу жүргіншілер жолы мен су бұрқақтары да жүргізіледі. Ол жерде жеке кәсіпкерлерге арналған сауда нүктелері, көрме павильондары, жастарға арналған спорт және балалар ойын алаңдары да жасалады деп күтілуде.
Кент әкімі аппаратының бас маманы Ералы Сыралиевтың айтуы бойынша, бұдан басқа да аудан орталығындағы 31 көпқабатты үйлердің алдына балалар алаңшалары мен автотұрақтар салынып, асфальт жолдар төсеу де қолға алынбақ екен.
Ақмарал БОКИРОВА.