"Сүлеймен CUP": Атырауда дүбірлі дода өтеді

Атырауда командалық көкпар, қыз қуу, аламан бәйге және құнан бәйге, ұлттық өнер - айтыс бәсекесінен «Сүлеймен CUP» турнирі өтеді, деп хабарлайды ATPress.kz.

Тамыз айының 26-28-і күндері Атырау облысы, Махамбет ауданы , Жайық бойындағы Кеңөріс ауылында ұйымдастырылатын шараға «Сүлеймен Промоушн» ЖШС демеушілік етеді.

Құнан жарысындағы меже - 12 шақырым, жарнасы - 10000 теңге.
1 орын - 500 000 теңге
2 орын - 300 000 теңге
3 орын - 200 000 теңге
4 орын - 100 000 теңге
5 орын - 50 000 теңге
Сондай-ақ айтыс аламанында батыс аймағынан Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарының айтыскер ақындары бақ сынайды.

22_1660657868

30 шақырымдық аламан жарысының жарнасы - 30000 теңге.
1 орын - 2 000 000 теңге
2 орын - 1 000 000 теңге
3 орын - 500 000 теңге
Айта кетейік, дәстүрлі өнер додасына Атырау облысы әкімдігі қолдау білдіріп отыр.
 
Анықтама телефоны - 7(701)362-87-50.
Сурет - ашық дереккөзден

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521