Өрттен абай болыңыз

Электрден болатын өрттердің негізгі себебі – ол қысқа тұйықталу, желінің шамадан тыс жүктелуі.

Осындай жағдайлар болмау үшін электр сымдарын дұрыс жағдайда ұстау керек, ал қысқа тұйықталудан және желінің торда шамадан тыс жүктелуінен (бірнеше электр қондырғыларды бірден қосу) болатын өрттерді алдын алу үшін тарату қалқаншада міндетті түрде зауытта жасалған сақтандырғыштар болу қажет. Егер электр желісіне жуан сымнан қолдан жасалған сақтандырғышты (жучок) қосса, онда қысқа тұйықталу кезінде ол ерімейді. Олай болса, «қорғанысы» істемейді және желі тоқтың астында қалады.

Осындай жағдайда сымдар ерігенше қызады, оқшаулауы тұтанады, от айналадағы жанғыш заттарға таралып, өрт шығады. Сондықтан әрқашан тек зауытта жасалған сақтандырғыштарды қолдану қажет. Өрт заводта жасалған тұрмыстық электр қондырғыларынан да жиі болады. Егер электр желісіне бірнеше осындай қондырғыларды бірден қосса, онда ол электр сымдарының шамадан тыс жүктелуіне және қызуына мүмкіндік береді. Оқшаулау тұтанып, от сым арқылы әртүрлі заттарға таралады. Егер дұрыс қолданбаса, өрт тек бір ғана электржылытқыш қондырғысынан (үтік, шәйнек, жылытқыш, т.б.) да пайда болуы мүмкін.

Сондықтан желіге қосылған қондырғыларды қараусыз қалдыруға және олардың қарауын кішкентай балаларға тапсыруға болмайды. Қондырғыны жанғыш заттардың үстіне қоюға болмайды, сонымен қатар, перделер, ағаш қалқа және т.б. оңай тұтанатын заттардың қасында қосуға болмайды.

С.ЗИНЕДЕНОВ,

аудандық №5 ӨСБ бастығы азаматтық қорғау майоры.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика