Референдумда әр дауыс маңызды

Атырауда Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері референдум барысын егжей-тегжейлі талқылады.

Алдағы референдумның маңыздылығы этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалында талқыланды, деп хабарлайды ATPress.kz.

ҚХА облыстық филиалының төрағасы Нұржан Ермұханов іс-шараны аша отырып, алдағы конституциялық реформаны өткізудің маңыздылығын атап өтіп, әріптестерімен 2022 жылғы 5 маусымдағы референдумға қойылатын мәселелерді талқылады.

– Мемлекет басшысы саяси реформалардың бірнеше пакетін жариялады. Соңғы рет референдум 1995 жылы, яғни 27 жыл бұрын өтті. Бірақ жаңа заман жаңа шешімдер мен өзгерістерді қажет етеді. Біз бұл оқиғаны қазақстандықтардың өздері де күткенін көріп отырмыз, өйткені халықтың осы саяси оқиғаға деген қызығушылығы жоғары, – деді Нұржан Ермұханов.

Ол сондай-ақ өңірдің барлық тұрғындарының республикалық референдумға қатысуының маңыздылығы туралы атап өтті.

– Біз референдумның мақсатын түсіндіруге тиіспіз. Өйткені, мұнда әр дауыс маңызды. Бұл реформа ел үшін қажет пе, жоқ па, соны халық шешеді, – деп есептейді Н. Ермұханов.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика