Маусым айында еліміздің саяси жаңғыруына негіз болар жалпыреспубликалық референдум өткізілген болатын. Осы сәтте аудан бойынша референдумның жоғары өтуіне атсалысып, зор жауапкершілік таныта білген азаматтарды аудан әкімі Салауат Өтеғұлов қабылдап, алғысын білдірді.
- Биыл елімізде тарихи оқиға орын алып, сіз бен біз сол сәтке куә болып, өз үлесімізді қостық. Округ, мекемелерді аралап түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Мұның бәрі –Жаңа Қазақстанды құру жолындағы елдігімізді таныта алғандығымыздың дәлелі.
Ата заңымызға ұсынылған өзгерістерді азаматтардың басым көпшілігі қолдап, өз дауы старын берді.
Конституциялық түзетулер еліміздің тұғырнамасын өзгертіп жаңаша дамуына тың серпін беретіндігіне сенім мол, - деді аудан әкімі.
Одан соң референдум кезінде байқаушылардың жұмысын үйлестіруші Жамбыл Дәуталиевке ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын табыс етті. Сонымен қатар, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Шынар Сариеваны, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері Эльмира Қуанышева мен Айгүл Тұрсынғалиеваны аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.
Өз кезегінде марапат иелері референдум кезінде конституциялық өзгерістердің
мән-маңызын түсіндіруге атсалысқан барша аудан азаматтарына, түрлі қоғамдық ұйымдарға алғыстарын айтып, әрқашан бірлесе жұмыс жасауға дайын екендіктерін жеткізді.
Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ