Қос алтынмен қуантты

Саламатты өмір салтын сақтауға, денешынықтырумен айналысуға баулитын Президенттік тест бірнеше спортты қамтиды.

Жақында аталмыш сайыстан мұғалімдер арасында республикалық бәсеке Қарағанды қаласында өтті. Оған аудандық балалар спорт мектебінің директоры Мәлік Биғамбаев пен С.Сейфуллин атындағы орта мектептің денешынықтыру пәні мұғалімі Ерлан Өмірбеков жолдама алып, екеуі де алтыннан алқа тақты. Жерлестеріміздің әрқайсысы жас ерекшеліктеріне орай, 60 жастан асқан үлкендер арасында және 40-49 жас арасында күш сынасқан болатын.

-Көпсайыста турникке тартылу мен жақын қашықтық 60 метрге жүгіруден жүлде алуды көздеп бардым. Тыңғылықты дайындықтың арқасында екі сыннан да ойдағыдай өттім. Келесі сын 2 шақырымға жүгіруден де мүдірмедім. Нәтижесінде бірінші орыннан көрініп, қуанышпен оралдық, - дейді Ерлан Кенжеғалиұлы сөзге тартқанымызда.

Ал көпсайыстан көрсеткіштер бойынша жерлестер 1 разряд нормативін орындаған екен.

Сондай-ақ, олар жолай Нұрсұлтан қаласында дойбыдан өткен республикалық «Спорт жұлдыздары» жүлдесінде бақ сынады.

Нәтижесінде денешынықтыру сайыстарымен қатар зерделі ой ойынында үздік екенін де дәлелдеді. Сөйтіп жерлестердің әрқайсысы ауылға қос алтынмен оралды.

Саламат Б

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз